Перейти к содержимому страницы.

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАУ

26.12.2023

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Марғұлан Университетінің өнер және спорт жоғары мектебінің сарапшы оқытушысы Тамара Дорошенко,  «Музыкалық білім» БББ 3-курс студенттері Евгений Ляхов пен Рината Тлеукина Павлодар қаласындағы № 11 орта мектептің 10 -11 сыныптар оқушыларымен кездесті. 

Евгений мен Рината оқушыларға өздерінің мамандықтары, оқу орынында жасалған мүмкіндіктер туралы айтып, студенттік өмірден алған әсерлерімен бөлісті және түлектерді Марғұлан Университетіне оқуға түсуге шақырды.

Кездесу барысында мектеп оқушыларына жоғары оқу орындарының оқу бағдарламалары туралы бейнероликтер көрсетіліп, түрлі-түсті буклеттер таратылды. Оқушылар университетімізде білім алуға қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша сұрақтар қойды.

Студенттер оқушыларға өздерінің жетістіктері туралы айтып, музыкалық нөмірлерді орындап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Дарынды студенттер Ақерке Айбекқызы, Диана Халимова және Самал Әділ кең таралған «Аққу арман», «Мен деп ойла», «Swey» сынды лирикалық әндерін орындады. Мектеп оқушылары әртістердің өнерін өте жылы қабылдады. 

Кездесу соңында педагог-сарапшы Татьяна Дорошенко оқушыларға алғысын білдіріп, ҰБТ-ны сәтті тапсырып, армандаған жоғары оқу орындарына түсулеріне тілектестік білдірді.