РЕФЕРЕНДУМНЫҢ ҮГІТ-НАСИХАТЫМЕН ЖҮРГЕН МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНЕ КЕЛДІ
23.09.2024
Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшелері-ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары 6 қазанда өтетін референдумға қатысты үгіт-насихат жұмысымен Марғұлан университетіне келіп, оқу орнының қызметкерлерімен, студенттерімен кездесті.
Халық қалаулыларын Марғұлан университетінің ректоры Жанбол Жилбаев қарсы алып, университет жұмысымен таныстырды. Университет ұжымымен кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов, Вера Ким, “Amanat” партиясы Павлодар қалалық филиалының төрағасы Сүлеймен Сыздықов келіп, АЭС салу жөніндегі сұрақтарға жауап берді.
- АЭС туралы түрлі сұрақтарға жауап беру және түсіндіру жұмыстары республика бойынша жүргізіліп жатыр. Тұрғындар бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін және АЭС-тің еліміз үшін қажетті екенін де түсініп отыр. Себебі көмір станцияларымен барлық мәселені шеше алмаймыз. Бүгін Марғұлан университетінің студенттерімен кездесіп, елімізге АЭС салудың қаншалықтықажетті екенін түсіндірдік. Соңғы шешім өздерінде, ең бастысы 6 қазан күні өтетін референдумға барып, өз таңдауларын жасауы қажет, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов.