Перейти к содержимому страницы.

МАГИСТРАНТТАР "ІІ ЛИЦЕЙ ОҚУЛАРЫ —2024" ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

13.11.2024

12 қарашада Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінде "ll лицей оқулары —2024" өтті. Оған Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері қатысты. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі "Тарих" білім беру бағдарламасының  1 курс магистранты Аяна Умирова, 2 курс магистранты Болат Сәнім Арманқызы, Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің 4 курс студенті Никита Алимов баяндама жасады. Қауымдастырылған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Кузембаев Нуркен лицейдің кітапхана қорына салтанатты түрде сыйға тартқан "Қыпшақтардың библиографиялық сөздігі" кітабының тұсаукесеріне қатысып, сөз сөйледі. Никита Алимов "Б.з. І ғасырынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан аумағындағы климат пен ландшафттың өзгеруі" тақырыбында, ал Умирова Аяна ЖОО-ішілік ғылыми жоба жұмысының нәтижелері бойынша "Орталық Азия елдеріндегі ұлтаралық қатынастар мен ұлттық саясатты жариялау жөніндегі ақпараттық алаң" тақырыптық сайтын қолдану ерекшеліктері" тақырыбында баяндамалар жасады. Болат Сәнім "Табысқа жету кілті: академиктерден нені үйрене аламыз" тақырыбын ұсынды. Баяндамаларға қатысты лицей оқушылары мен мұғалімдер өздерінің оң  пікірлерлерін білдірді. Конференция барысында лицей оқушылары ғылыми жобаларын жақсарту бойынша пайдалы ұсыныстар алды.