Перейти к содержимому страницы.

Магистранттар, студенттер мен оқушылар өздерінің ғылыми зерттеулерін ППУ-да өткен конференцияда ұсынды

23.04.2021

2021 жылдың 21-22 сәуірінде Павлодар педагогикалық университетінде жас мұғалімдердің, магистранттардың, студенттердің және мектеп оқушыларының «Мұғалімдерді цифрлы ұрпақпен жұмыс істеуге дайындау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның негізгі бағыттары - жалпы және инклюзивті білім беру жүйесіндегі цифрлық перспективалар, жаратылыстану-математикалық цикл, гуманитарлық ғылымдар пәндерін оқытудың қазіргі мәселелері, шығармашылық мамандықтар бойынша мамандар даярлау.

Аспиранттар, магистранттар, студенттер мен оқушылар цифрландыру жағдайында педагогикалық білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерін ұсынды. Көптеген жас ғалымдар үшін бұл конференция алғашқы ғылыми іс-шара болды. Онда олар өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып, көпшілік алдында қорғай алды. Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жеткізілді.

Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор С.В. Мырзақұлов конференцияға қатысушыларға қызықты баяндамалары, перспективалық зерттеулері үшін алғысын білдіріп, жас ғалымдардың идеялары мен әзірлемелері еліміздің зияткерлік байлығының бір бөлігі болуына тілектестігін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, «Мұғалімдерді цифрлы ұрпақпен жұмыс істеуге дайындау» халықаралық конференциясы студенттер ғылымының онкүндігі аясындағы қорытынды шара болды.

Студенттер онкүндігінің соңында ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Серік Мырзақұлов іс-шара аясында өткізілген конкурстар мен басқа да ғылыми іс-жұмыстардың жеңімпаздарын жариялады.

Ғылыми онкүндікке белсенді қатысқандар мен ұйымдастырғаны және өткізгені үшін университеттің бірқатар оқытушылары мен қызметкерлері ППУ Басқарма төрағасы-ректорының алғыс хаттарымен марапатталды.

zakrytie

zakrytie2

zakrytie33

zakrytie4

zakrytie5