Перейти к содержимому страницы.

“MADE IN ЧЕХОВ» ЖАЙДАРМАННЫҢ ЖОҒАРҒЫ ЛИГАСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

21.11.2022

Алматы қаласында республикалық «Жайдарман» ойындарының супер лигасында Павлодар педогогикалық университетінің “Made in Чехов” құрамасы өнер көрсетті. Біздің студенттер жоғары лига өкілдеріне қарсы ойнап, финалдық ойында жақсы нәтиже көрсетті. Ойын қорытындысында “Made in Чехов” жоғарғы лига іріктеуіне тікелей жолдама алды. Топ мүшесі Серикпай Айзада супер лиганың «Үздік ойыншысы» аталымын иеленді.

Сонымен қатар, Қарағанды қаласында өткен “Jaibattle” жайдарман жобасына қатысып, көрермен көңілін көтерді. Онда жоғары лигада ойнайтын “Краш” командасымен жекпе-жекке шығып, жеңімпаз атанды! Команда құрамындағы Қабкен Жазира, Рамазан Адия, Серікпай Айзада, Сейтбай Айдана, Амангелдинова Камила сынды әзілкеш арулар университет пен колледждің намысын абыроймен қорғап келді.

Павлодар педагогикалық университеті жастар орталығы «Жайдарман» үйірмесінің жетекшісісі Ильяс Қоңратбаевтың айтуынша,осы ойынмен биылғы маусым аяқталды. Енді команда алдағы 2023 жылғы Астана қаласында өтетін маусымашарға дайындалуда.

-Біздің талантты жастарға қолдау білдіргені үшін басқарма төрағасы-ректор Жанбол Октябрьұлы Жилбаев пен Мұсахан Қанапиянов атындағы жоғары колледжінің директоры Айгүл Абылайқызы Аленоваға өз алғысымызды білдіреміз, - Ильяс Файзуллаұлы.