МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ
11.02.2022
Павлодар педагогикалық университетінде Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған "Әр өлеңі-бір әлем" атты әдеби-сазды кеш өтті.
«Ғибрат» шығармашылық студенттер одағы ұйымдастырған шараға студенттер, ұстаздар және қонақтар қатысты.
Кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну.
Әдеби кештің сәнін келтіріп "Ару ана" қойылымы сахналанды. Талантты студенттер Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығының сәттерін сахналап, лирикалық шығармаларын орындады. Мұхтар Мәдібек Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия, менімен егіз бе едің?», Әйтімова Балқыз «Сезім» поэмасын, Сабыр Нұрсұлтан «Таңданба, жаным, таңданба», Еркеш Сая «Сен бе едің», Жүсіпов Жанболат - « Ғашықпын!»
Әшіров Мадиярдың орындауындағы "Әнге арнадым әнімді", Калимова Диананың «Есіңе мені алғайсың», Абзал Абдоллаевтың «Мен деп ойла» сынды әндері көрерменнің жүрек түкпірінен орын алды.
Кеш соңында Жастар саясаты мәселелері басқармасының директоры Мадина Құсманова мен «Ғибрат» шығармашылық бірлестігінің төрайымы Нағмадинова Құндыз әдеби кешке қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта шығармашылық табыс тіледі.