М. Қанапиянов атындағы жоғары Павлодар педагогикалық колледжінде алғашқы қоңырау өтті
07.09.2021
М. Қанапиянов атындағы жоғары Павлодар педагогикалық колледжінде алғашқы қоңырау өтті. Биылғы жылы салтанатты шеруге колледж табалдырығын аттаған 430 бірінші курс студенттері қабылданды. Студенттерге биылғы оқу жылындағы өзгерістер жайлы айтылып, олар әкімшілік ұжыммен танысты.
Колледж директоры Гүлнар Мұсанованың айтуынша биылғы алғашқы қоңырау ерекше болды, себебі салтанатты жиын жуырда ашылған М. Қанапиянов бюстінің маңында бастау алды, сондай-ақ эпидемиологиялық ахуалға байланысты алғашқы қоңырау таза ауа аясында өтті. Студенттердің көптігінен іс-шара 4 кезеңнен тұрды.