Перейти к содержимому страницы.

«ҮЗДІК ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОР-2022»

18.04.2022

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ білім беру ұйымдарының техникалық инспекторлары арасында «Үздік техникалық инспектор-2022» республикалық конкурсының облыстық турын өткізген.Аталған сайысқа Павлодар педагогикалық университетінің ЕҚ және ҚТ жөніндегі инженер Клименко Светлана Николаевна қатысты. Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Светлана Николаевна бірінші орынға ие болды.

Әріптесімізді атаулы жеңісімен құттықтай отырып, білім беру саласы қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы жұмысына табыс тілейміз.