2022 жылдың ақпан айындағы «Айдың үздік қызметкері» анықталды
12.03.2022
Қызметкерлерді ынталандыру, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің жауапкершілігі мен қызметін атқару тәртібінің деңгейін арттыру мақсатында университет қабырғасында ақпан айы бойынша «Айдың үздік қызметкері» байқауы өткізілді.
Жарысқа өз бөлімшесінің үздік 1 қызметкері қатысты. Конкурс комиссиясы алқа мүшесі – оқу ісі жөніндегі проректор Андрющенко О.К. байқауға қатысушы «Марғұлан орталығы» археологиялық жаңғырту ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Әлібек Жасыбайұлы Қабылдиновтың материалдарын мұқият зерделеп, жеңімпазды –анықтап, байқау қорытындысы бойынша айдың үздік қызметкерін анықтады.