Перейти к содержимому страницы.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ ҮЗДІК БАЯНДАМА ҰСЫНДЫ

04.04.2022

Педагогика жоғары мектебінің Арнайы педагогика білім беру бағдарламасының оқытушылары PhD докторы Сарсембаева Элла Юрьевна мен Тілектесова Диана Ерқанқызы "Инклюзивті білім беруді және инклюзивті практиканы дамыту жолдары" атты I республикалық ғылыми-практикалық конференциясында "Үздік баяндама" номинациясы бойынша I орынға ие болды.

Инклюзивті білім беру мәселелеріне арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ұйымдастырушылары Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті болды.

Байқаудың жеңімпаздары қазылар алқасының назарына «Инклюзивті білім беру білім беруді ізгілендірудің жаңа идеологиясы ретінде» тақырыбында баяндама ұсынды.

Ғылыми жұмыста инклюзивті білім беру кеңістігінде оқыту мен тәрбиелеуге байланысты өзекті практикалық мәселелер қарастырылды.

Жас ғалымдарымызды шын жүректен құттықтап, ғылыми жолында жаңа табыстар мен жеңістер тілейміз!