ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІМЕН БІРЛЕСКЕН ТӘЖІРИБЕ
23.06.2023
Жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушысы Гельдымамедова Эльза Аннамурадовна және студенттер Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының эколог-студенттерімен бірлесіп, екі апталық тәжірибе өткізді. Ол ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде жүзеге асқан. Ломоносов атындағы ММУ практика жетекшілері Сергей Сафронов, Павел Кречетов және Владимир Дехнич сынды ғылым кандидаттары.
Тәжірибенің мақсаты - әртүрлі салалардағы кәсіпорындардың технологиялық циклдерін және олардың қоршаған ортаға әсерін зерттеу. Тәжірибе барысында студенттер жетекшілерімен бірге Павлодар облысының "Богатырь Көмір" ЖШС, Павлодар қаласының ЖЭО-3, Павлодар мұнай-химия зауыты, УПНҚ-ПВ, сондай-ақ "Жаңа Роса" ЖШС және т.б. ірі өнеркәсіп орындарына барды.
Студент Темірлан Махановтың айтуынша: «Ломоносов атындағы ММУ-мен бірлескен тәжірибе біз үшін өте мазмұнды болды. Негізгі технологиялық процестерді көрсету кезінде біз экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап алдық. Тәжірибе барысында жасалған конспектілер өндірістердің цилиндрлерімен танысуға және жақсы меңгеруге мүмкіндік береді» дейді.
Ал сол тәжірибеге қатысқан студенттердің бірі Талғатбек Бейсенов: "Мәскеудің жетекші жоғары оқу орнының оқытушыларымен және ірі кәсіпорын технологтарымен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі үшін алғысымды білдіргім келеді. Тәжірибе форматы өте ыңғайлы және іс жүзінде пайдалы болды. Біздің аймақтың өнеркәсіптік және ауылшаруашылық салаларын көру, жоғары білікті өндірістік мамандарды тыңдау және адамның осы саладағы экологиялық жағдайға әсерін бағалау өте құнды болды" деген пікірін білдірді.