ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ 155 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕК ҮСТЕЛ
09.02.2022
Павлодар педагогикалық университетінің Жоғары гуманитарлық мектебінде «Әлихан Бөкейханның ғылыми мұрасы және тарих ғылымы мен тарихи білім берудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.
Шара көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, теоретик және ұлт-азаттық қозғалыстың қайраткері, қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым "Алаш" партиясының негізін қалаушысы Әлиха Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына арналған.
Кездесуді «Тарих» Білім беру бағдарламасының ұжымы ұйымдастырды. Іс-шараға Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің бакалаврлары, магистрлері және докторанттары қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы - тарих ғылымдарының кандидаты, профессор А.М. Сыздықова.
Дөңгелек үстел жұмысын Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің деканы А.Е. Каримова құттықтау сөзімен ашты Анар Еркенқызы бұл шараның тарихи сананы қалыптастырудағы, әсіресе, өскелең ұрпақтың рухани құндылықтары мен патриоттық сезімін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында «Тарих» білім беру бағдарламасының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Н. Әбдірахманов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Е. Күзембаев, докторанттар Р.Килаш, А.Умаров баяндамамалар жасады.
Ғалымдар Әлихан Бөкейханның қоғамдық-саяси қызметін, саяси-идеялық және мәдени мұрасының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін, қазақ халқының этнографиясын, публицистикасын дамытып, зерттеуге қосқан ерекше үлесін сараптады.