ҒАЛЫМБЕК ЖҰМАТОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ
25.02.2022
Павлодар педагогикалық университетінің Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасында жерлесіміз, журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғалымбек Жұматовтың 70 жасқа толуына орай «Оқырман жүрегіне жол тапқан» әдеби кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында кітап оқу мәдениетін қолдау, өлкетану әдебиетіне, Павлодар Ертіс өңірінің тақырыбына қызығушылықты арттыру, көркем шығармаларды оқуды насихаттау, қазақ халқының рухани мұрасын сақтау, адамгершілік-гуманистік тәрбиені дамыту, кітап арқылы жастарды тәрбиелеу.
Әдеби кешті М. Қанапиянов атындағы Жоғары колледж студенттері Жәнібек Есенгелді, Ибрагимова Сабина жүргізді. Осы кеште ақын Ғалымбек Жұматовтың «Байшешек», «Сен сағыныш – Айна көл мөлдіреген», «Астанам – жырым», «Туған жер» өлеңдерін Сәрсембаева Ақбота, Амангелдинова Аяжан, Абдибеков Жүсіпбек, Жәнібек Есенгелді оқыды. Ақынның «Антивирус» әзілдер жинағының үзінділерімен Сүндетбек Аңшыбек таныстырды.
Студенттермен әңгімесінде Ғалымбек Сағымбайұлы жастардың шараға жазушының кітаптарын оқып, тыңғылықты дайындалғанын, шығармашылығы туралы көптеген сұрақтар қойғанын ата өтті. Журналист, жазушы болу үшін қандай қасиеттерге ие керек деп сұрады. Белгілі жерлес студенттермен табыстың сырымен бөлісті. «Педагогика, журналистика, кез келген басқа салада жетістікке жету үшін әрқашан өзін-өзі дамытумен айналысу керек, үнемі ізденіс үстінде болу керек. Болашақ ұстаздардың жан-жақты болғанына қуаныштымын», - деді ол.
Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Жарқынбек Амантайұлы жастарды Ғалымбек Жұматов шығармашылығымен таныстырудың тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. "Республиканың белді қаламгерлері, аға буын қазақ әдебиетінің алыптары Ғалымбек Сағымбайұлының шығармашылығына зор баға берген. Біз де өңіріміздің аға буын өкілі, зиялы қаламгер ретінде қашанда құрметтейміз, ұстаз тұтамыз.
Болмысы қарапайым, шынайы және шынымен зиялы деген атқа сай, өңірдің бір ақсақалдары, ел ағалары болса, осы Ғалымбек ағамыздай болсын дер едім.
Жас кезінен қазақ әдебиетіне, жалпы өзінің қаламына адал болған азаматтың жастарға өнегелі айтар өсиеті мол. Ұлтымыздың, мемлекетіміздің болашағы жастар десек, осындай қазыналы үлкендерімізден, жазушылардан, зиялы қауым өкілдерінен жастардың алары мол. Әсіресе, өзі сатирик, өзі ақын, жазушылығы бір бөлек сегіз қырлы бір сырлы Ғалымбек ағамыздың орны ерекше. ", - деді ол.
Студенттер мен ұстаздардың орындауындағы әндер мен күйлер мерейтой иесі үшін жағымды сыйлық болды. М.Қанапиянов атындағы жоғары колледж оқытушысы – Қисатова Салтанат «Майра» әнін шырқаса, Уахит Елнұр «Балбырауын» күйін домбырамен шертті, Назымгүл Шапағат Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен эстрадалық пури орындады.
Іс-шара барысында Ақын-жазушы Ғалымбек Жұматовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Кітап және қаламгер» атты кітап көрмесі және «Оқырман жүрегіне жол тапқан» атты презентация оқырмандар назарына ұсынылды.