ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНЫҢ ЖАҢА ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИІ ТАҚЫЛАНДЫ
11.02.2021
Жақында Үкімет жанындағы Ұлттық комиссияда жетілдірілген латын графикалы қазақ әліпбиі қаралып, мақұлданған болатын. Осыған байланысты Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті филология ғылымдарының кандидаты Әділбек Әміренов облыстық «Халық радиосы» арнасында латын графикасындағы жаңа жетілдірілген қазақ әліпбиінің артықшылықтарына, емле ережесіне қатысты сұхбат берді.