{KUICKHACK} ХАКАТОНЫНЫҢ АШЫЛУЫ
28.04.2025
Жастар бастамаларын дамыту орталығында {kuickhack} хакатонының ашылуы өтті. Студенттер мен жасмамандарға арналған хакатон, өзекті бизнес мәселелеріне инновациялық шешімдер жасауға бағытталған.
{kuickhack} – бұл тек жарыс қана емес, студенттер мен жасмамандарға өздерін таныту, құнды кәсіби байланыстар орнату және идеяларын дамытуда қолдау алу мүмкіндігі. Хакатонның мақсаты жастардың бағдарламалықөнімдерді әзірлеуге деген қызығушылығын және ынтасын арттыру, идеяны прототипке дейін жүзеге асыру дағдыларын жетілдіру, кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру,сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын насихаттау болып табылады. Бұл шара қатысушыларды ЖИпайдаланып бағдарламалық өнімдер жасауға ынталандыруға, идеяны жұмыс істейтін прототипке айналдыру дағдыларын жақсартуға және кәсіпкерлік қабілеттеріндамытуға бағытталған.
Хакатонныңжүлде қоры 1 800 000 ₸ құрайды, ол келесі түрде бөлінеді:
1 орын – 1 000 000 ₸
2 орын – 300 000 ₸
3 орын – 200 000 ₸
«Білім» арнайы номинациясы НАО «Павлодар педагогикалық университеті Ә. Марғұланның»студенттері үшін бөлініп, арнайы ереже мен тапсырмалармен реттелген – 300 000 ₸.