Перейти к содержимому страницы.

Кітапханада Жоғары мектеп күні

17.01.2020

2020 жылдың 13-17 қаңтар аралығында Е.Бекмаханов атындағы Ғылыми кітапхананың оқу залында  ПМПУ оқытушылары үшін «Жоғары мектеп күнін» өткізді. «Жоғары мектеп күні» – қызмет көрсетудің кешенді түрі болып табылады. Бұнда ақпараттық ресурстарды көрсету арқылы кітапханаға түскен жаңа кітаптарды таныстыру, жаңа технологиялармен жұмыс жасау, кітапхана мен орта мектеп арасындағы өзара әрекеттесу мәселелері бойынша сөз қозғалды. Күні бойы оқытушылар мен студенттер Жоғары мектеп мамандықтары бойынша жаңа әдебиеттер көрмесін тамашалады. Кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктері туралы мәлімет алып, электрондық каталогтармен және қашықтықтан ақпаратқа қол жеткізу базасымен жұмыс істеу арқылы туралы кеңестер берілді. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», мерзімді басылымдар, академиялық пәндер бойынша электронды оқулықтар ұсынылды. Оқу қабырғасындағы оқытушылар мен студенттер белсене атсалысты.