Перейти к содержимому страницы.

Кітапхана қызметкерлері М.Әлімбаев мектебінде

23.09.2021

Павлодар педагогикалық университетінің Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасы қызметкерлерінің бастамасымен Павлодар қаласындағы М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде тіл апталығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шыққан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы әлемдегі таңдамалы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, оқырмандарға жаңашыл бағытта білім беру және оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Павлодар педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасы, мектеп кітапханасымен бірлесіп, ұстаздар қауымына педагогикалық көмек көрсету және оқушыларды кітап оқуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған шара бүгін мақсатына жетті.
Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана директорының орынбасары Қарлығаш Төлеубаева, мектеп ұстаздары мен оқушыларын және Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық жоғары колледжінің 4 курс студентерін әлемнің озық оқулықтарымен таныстырды.
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шыққан кітаптар мектеп кітапханасына 1 жылға қолдануға берілді.
Бүгінгі шарада, сондай-ақ, М.Әлімбаев атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ахмет Байтұрсыновтың әңгімелерін оқушылар арасында мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Шараның оқушылар үшін маңызы зор болды.

 

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet