КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
02.03.2021
Павлодар педагогикалық университетінің Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Мусанова Г.М. және кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Маняпова Р.К. Ақсу, Успен және Павлодар облыстарындағы мектептердің директорларымен және олардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен кездесулер өткізді.
Онлайн-кездесулер барысында университет өкілдері мұғалімдер, мектеп түлектері және олардың ата-аналары білуі қажет ақпараттарды ұсынды. Университет пен мектептер арасындағы өзара қарым-қатынастың басты мақсаты – балалардың мектеп кезінен саналы түрде мұғалім мамандығын таңдауға бейімділігін анықтау болып табылады. Университет талапкерлерге білім беру бағдарламаларын таңдау кезінде көмек қолын созуға әзір.