Павлодар педагогикалық университетінің студенттері - ізгі істердің еріктілері!
08.10.2021
Павлодар педагогикалық университетінің еріктілері есту қабілеті бұзылған кішкентай Димашты қолдау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.
Кішкентай Димаш небәрі 1 жас 8 айлық. Дәрігерлер оған «Туа біткен есту түтігінің атрезиясы» диагнозын қойды.
Димаштың қалыпты естіп, өмір сүруі үшін, оған бағасы 7 200 000 теңге болатын есту аппараты қажет.
Жастар саясаты департаментінің директоры Мәдина Құсманованың айтуынша, бүгін қайырымдылық жәрмеңкесі кезінде еріктілер үйде жасалған әр түрлі тоқаш өнімдерін: торттар, самса, түрлі тәттілер, сонымен қатар қолдан жасалған бұйымдарды сатты. Бірнеше сағат ішінде жәрмеңке алаңдары 100 000 теңгеден аса қаражат жинады. Қайырымдылық акциясы бүгін аяқталады, бірақ нәрестеге қаражат жинау жалғаса береді.
«Бүгінгі жәрмеңкенің мақсаты - кішкентай Димашты емдеу мәселесіне облыс тұрғындарының назарын аудару. Бұл игі істе кез келген қолдау өте маңызды, сондықтан біз, педагогикалық университет студенттері, осы қайырымды іске аз да болса үлесімізді қосқымыз келеді», - дейді Мадина Шалқарқызы.