Перейти к содержимому страницы.

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

03.06.2022

Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Рәміздеріміз – ұлттық мақтаныш» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды. Шараға тарих ғылымдарының кандидаты, ППУ жоғары гуманитарлық мектебінің доценті Қанафин Қанат Қинаятұлы қатысып, баяндама жасады.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Павлодар облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері, «Жас Отан» жастар қанаты Павлодар облыстық филиалы мүшелері және №8 мектеп-лицей оқушылары қатысты. Қонақтардың назарына «Жаңа Қазақстанның рәміздері» бейнефильмі, «Елдіктің ерен рухы» атты әдебиеттерге библиографиялық шолу көрсетілді және кітап көрмесі ұсынылды.