Перейти к содержимому страницы.

Конференция ұымдастырушылары марапатталды

07.12.2021

Павлодар педагогикалық университеті жанында жұмыс істейтін «Margulan Centre» орталығы облыс әкімдігімен бірлесе отырып, ауқымды конференция өткізген болатын. Салтанатты шара «Ертіс өңірінің тарихи мұрасы: Қимақ қағанаты мен Қазақ хандығы» деп аталды. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар жиналып, Ертіс-Баян өңірінің тарихы туралы тың тақырыптарды талқыға салған еді. Айта кету керек, «Margulan Centre» орталығы Кенжекөл ауылы маңы мен Байдала аумағында көне Қимақ қағанатына тиесілі құнды жәдіргерлерді тапқан еді. Демек, павлодар жерінде, яғни, Ертіс өзенінің бойынша Қимақ хандығы өмір сүрді деген қорытынды шығаруға болады.

Жалпы шара жоғары жеңгейде ұйымдастырылғанын павлодар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жанбол Жилбаев ерекше атап өтті. Әсіресе, тарихты зерттеуге бағытталған жұмыстар қоғамда қызу талқыға салынатындығы тілге тиек етті. Дөңгелек үстел барысында осы бағытта аянбай еңбек еткен бірқатар қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттап, еңбектеріне табыс, дендеріне саулық тіледі.