М.ҚАНАПИЯНОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ МАСЛЕНИЦА МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ!
20.02.2026
М.Қанапиянов атындағы Жоғары колледжінің ұстаздары мен студенттері қыспен қоштасып, көктемді қарсы алатын славян халқының «Масленица» мерекесіне орай дастархан жайып, салтанатты шара ұйымдастырды.
Болашақ ұстаздар өскелең ұрпақты білім жолына тартумен қатар еліміздегі түрлі халықтың дәстүрін құрметтеуге үйретуі тиіс. Осы орайда бастауыш сынып және ағылшын тілі мамандығының студенттері шараның дәстүрге сай өтуіне барынша атсалысты.
Аталмыш мереке «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында өткізілді. Мұндай шара колледжде білім алып жатқан түрлі ұлт өкідерінің әдет-ғұрыптарын құрметтеп, мәдениетаралық үлгінің артуына ықпал етеді. Сондай-ақ, масленицада адамдар бір-біріне жыл бойына келтірілген реніштерін кешіріп, татуласады.
Мерекелік жиын барысында жиналған қауымға майшелпек, құймақ, кәмпит, тоқаш сынды дәмді тағамдар таратылып, белсенді студенттердің қатысуымен ойын-сауық, сайыстар ұйымдастырылды.


