Перейти к содержимому страницы.

КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІ УНИВЕРСИТЕТКЕ ҰБТ-СЫЗ ТҮСЕ АЛАДЫ

10.04.2023

Бұл туралы Марғұлан университетінде колледж түлектерімен кездесу барысында қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Гүлнәр Мұсанова айтты. «Колледж түлектері ЖОО-ға ҰБТ-сыз түсе алады. Ақылы негізде оқуға түсетіндерге ҰБТ тапсырудың қажеті жоқ. Егер колледж түлегі өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқан болса, оқу мерзімі 3 жыл болатын сырттай оқу түрін таңдай алады. Дуальды жүйе бойынша оқу мерзімі 2 жыл жалғасады. Бұл жағдайда талапкер осы мамандық бойынша жұмысқа орналасқан болуы керек. Бұл бір уақытта жұмыс істеп, бірде оқитындар үшін жақсы мүмкіндік», - деді ол.

Кәсіптік бағдар беру іс-шарасына педагогикалық колледждердің түлектері қатысты. Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің, М.Қанапиянов атындағы жоғары колледждің және Жоғары инновациялық көпсалалы колледждің 80-нен астам студенті жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына қабылдау ережелерімен танысты. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде білім алудың артықшылықтары туралы «Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау» БББ жетекшісі Бағлан Жапарова мен «Мектепке дейіңгі тәрбие мен оқыту педагогикасы» БББ оқытушысы Раушан Каримова сөз сөйледі. Гүлнәр Мұсанова соңғы уақытта call-орталық телефондарына колледж түлектері, кураторлар, ата-аналар тарапынан көп қоңыраулар түсіп жатқанын атап өтті.

Қазіргі ТжКБ түлектері нені білуі керек?

  • ҰБТ-ға тіркелу (грантқа түсуге ниет білдіргендер үшін) 28.04-14.05;
  • Туыстас мамандықтар бойынша ақылы білім алуға үміткер колледж түлектеріне ҰБТ тапсыру МІНДЕТТІ ЕМЕС;колледжден кейінгі оқу мерзімі – 3 жыл, қосарлы – 2 жыл;
  • дуальды оқыту тек университетте оқуын жалғастыратын мамандық бойынша жұмыс істейтіндер үшін;
  • қысқартылған бағдарламалар бойынша студенттер үшін төлемге жеңілдіктер бар.