Перейти к содержимому страницы.

КӨКТЕМГІ СЕМЕСТРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

20.01.2022

18 және 19 қаңтарда Zoom платформасында Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректоры Жанбол Жылбаевтың университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттермен онлайн кездесулері өтті.

Онлайн кездесулерді өткізудің негізгі мақсаты – көктемгі оқу семестрінің форматын жан-жақты талқылау.

Студенттермен онлайн кездесуде маңызды мәселелердің бірі екпе тақырыбы болды. Павлодар облысы вирус жұқтырғандар санының артуына байланысты қызыл аймаққа түсті. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін вакцинациялау қажет. Жатақханада тұру үшін де вакцинация паспорты қажет. Сонымен қатар, «Ashyq» қосымшасын қолданып, барлық санитарлық талаптарды барынша сақтап, бетперде кию керек, – деді басқарма төрағасы-ректор Жанбол Октябрьұлы.

Кеңес мүшесі – оқу ісі жөніндегі проректор Ольга Андрющенко 2-ші оқу семестрін ұйымдастыру жоспарымен таныстырды. Көктемгі семестр 24 қаңтарда басталады. Университет басшылығының шешімімен студенттер аралас форматта оқитын болады: дәрістер онлайн, ал практикалық, семинарлық және зертханалық сабақтар офлайн режимде өтеді.

1, 2 және 3 курс студенттері өндірістік практикаға 24 қаңтардан, ал магистранттар өндірістік практикаға 21 ақпаннан бастап барады. Практиканы бастамас бұрын аралық емтихандар мен сессияларды тапсыру қажет.

Сұрақтардың көпшілігі оқу процесіне қатысты. Кездесулер барысында профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Жиын соңында Жанбол Октябрьұлы факультет жұмысына жеміс, ал студенттерге оқуда сәттілік тіледі.