КИНО СҮЙЕР ҚАУЫМҒА ВИКТОРИНА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
08.02.2021
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі мен жаратылыстану жоғары мектебі кино сүйер қауымға арналған «KinoQuiz» викторинасын өткізді.
Викторинаға екі жоғары мектеп студенттерінен құралған командалар қатысты. Қызықты ойын барысында фильм үзінділерінің атауын табу, көркемфильмнен дәйексөздер келтіру, кино саундректерін табу сияқты тапсырмалар берілді.
Студенттерден құралған командалар әр түрлі сұрақтарға жауап берді, фильмдерден кадрлар тапты, кинофильмдерден танылды, цитаталарды еске түсірді.
Викторина қорытындысы бойынша «Виноваты звёзды» командасы 3-орынға ие болды, «Марвел» командасы 2-орын, ал «Englishman» командасы жеңімпаз атанды.
Қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз және ойынға қызығушылық танытқан барлық оқырмандарды «KinoQuiz» викторинасына қатысуға шақырамыз!