Перейти к содержимому страницы.

КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАРЫСЫ

26.11.2024

Университеттің "құқық және кәсіпкерлік тарихы" білім беру бағдарламасының студенттері Павлодарда өткен қайырымдылық жарысына қатысты.
Іс - шара кибер және есірткі қылмысына қарсы күрес аясында ұйымдастырылды және оған 200-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында құқық қорғау органдарының өкілдері, жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары және студенттер бар.
Марғұлан университетінің студенттерінің бұл шараға қатысудағы мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау ғана емес, сонымен қатар құқықтық және цифрлық қауіптер туралы білімдерін арттыру.
Оқытушы Ақылбек Сәкенов атап өткендей, іс-шара барысында қатысушылар интернет-алаяқтыққа қарсы күрес әдістері және есірткі қылмысы үшін жауапкершілік туралы ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар студенттер арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.