Кезекті Ғылыми кеңес отырысы өтті
16.06.2021
16 маусым күні ППУ басқарма төрағасы – ректор Ж.Жилбаевтың төрағалығымен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға Кеңес мүшелері ZOOM бейнеконференциясы арқылы онлайн режимде қатысты. Отырыс барысында ректор ЖОО қызметінің ағымдағы жағдайымен таныстырып, өткен жылдың есебі мен алдағы оқу жылына арналған жоспарды ұсынды. Жанбол Октябрович пандемия жағдайында білім беру жүйесіндегі көптеген процедуралардың виртуалды форматқа бейімдеп қайта құруға баса назар аударды. Сондай-ақ кеңесте профессор-оқытушылар құрамымен күн тәртібінің басқа де өзекті мәселелері қаралды.
ЖОО басшысы есебінде түлектердің мұғалім мамандығына деген қызығушылығының артқандығы туралы баяндалады. Қабылдау комиссиясының өткен жылғы есебі бойынша былтыр оқуға 2112 студент оқуға түскен, олардың 28%-ы 2020 оқу жылындағы 597 грант иегері. Пандемия кезінде ЖОО студенттеріне әлеуметтік және гуманитарлық қолдау көрсетілді. Университет ішінде студенттерге қолдау ретінде түрлі стипендиялар тағайындалады. Биылғы жылы педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті көрсеткіш – 75 баллды құрайды. Осыған орай, ректор университеттің облыстар мен аймақтардағы бағдарлау жұмыстарын күшейту, қабылдау комиссиясының жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Биылғы оқу жылында университет алғаш рет өз жеке үлгісіндегі диплом беру мүмкіндігіне ие болып отыр. Бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі 2021 жылдың 15 шілдесіне жоспарланған.
Ғылыми кеңесте талқыланған келесі сұрақтың бірі – білім беру бағдарламаларындағы оқу модульдерінің жаңа әзірлемелері, оларды жаңғыртуға тоқталды. Карантин жағдайында өткен жылдың тәжірибесі бойынша қашықтықтан оқыту технологиясы профессор-оқытушы құрамы мен білім алушылардың қашықтан оқуға теориялық, әдістемелік және технологиялық дайындығының жеткіліксіздігі сияқты бірқатар проблемаларды белгіледі. Нормативтік талаптарға сәйкес оқу контентін құрудағы қиындық, академиялық процестің ашықтығы үшін икемді интерактивті онлайн ортаны қалыптастыру қажеттілігі және т.б. бірқатар мәселелердің алдын алу керектігі айтылды.
Жақында бітіруші түлектердің үлестірімі өткен болатын. Осыған орай, Ғылыми кеңесте түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші де қайта қаралды. Жұмысқа орналасу көрсеткіші жылдағыдай жоғары, 2020 ж. бойынша – 94,1%, оның ішінде ППУ түлектерінің 94%-ы жоғары оқу орнын бітірген соң бірінші жылы жұмысқа тұрады.
Тыңдаушылар назарына жоғары оқу орнының профессор-оқытушы құрамының қызметі ұсынылды. ЖОО оқытушыларының 86%-ы үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, ал 30%-ы тілдік курстарда сабақ алады. Сонымен қатар, ректор ғалымдардың зерттеушілік қызметі туралы да тоқталды. Қазіргі уақытта университетте 4 ғылыми жоба, 3 шаруашылық келісімшарт жобасы және Erasmus+ бағдарламасы бойынша 2 жоба орындалуда.
Өз баяндамасының соңында ректор Ж.Жилбаев студенттік ұйымдар мен филармонияның табысты жұмысын атап өтті. Пандемия кезінде жоғары оқу орнының 584 студенті мектеп оқушыларының оқу үлгерімін көтеру мақсатында сабақ жүргізді. Спорт саласында да атап айтар жетістіктер аз емес. Бұған мысал ретінде жуырда Түркістан қаласында өткен XI жазғы Универсиадада біздің спортшыларымыз жүлделі орындарға ие болып, университет қорын алтын, күміс және қола медальдармен байытты.
Отырыс барысында Кеңес мүшелері күн тәртібінде қарастырылған барлық мәселелер бойынша ойларын ортаға салып, өзекті сауалдардың шешу жолдарына тоқталды. Ғылыми кеңес отырысының қорытындысы бойынша келісті шешімдер қабылданды.