Перейти к содержимому страницы.

Кезекті Ғылыми кеңес отырысы өтті

29.04.2021

2021 жылдың 28 сәуірінде Павлодар педагогикалық университетінде онлайн-режимде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Ғылыми кеңес дәстүрлі түрде университет ректоры Жанбол Жилбаевтың төрағалығымен өтті. Басқарма төрағасы – ректор Кеңес мүшелерін күн тәртібімен таныстырып, талқыланатын мәселелердің өзектілігін атап өтті.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:

- Жаратылыстану және педагогика жоғары мектептерінің ППУ стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудағы қызметі туралы;

- ППУ ғылыми журналдарының түйткілді мәселелері мен келешегі туралы;

- ППУ жас ғалымдары мен ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы.

Ғылыми кеңесте жоғары мектеп декандары В.Н.Алиясова мен Қ.М. Текжановтың есептері тыңдалып, талқылағаннан кейін, Ғылыми кеңес мүшелері жас ғалымдарды дайындау және ПОҚ дәрежелілігін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуді, білім алушылардың оқу және білім сапасын арттыру бойынша жұмысты күшейтуді, ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдерді рәсімдеу және шаруашылық келісімшарт жұмыстары бойынша мақсатты дайындықты жүргізуді ұсынды.

Ғылыми кеңестің төрағасы Жанбол Жилбаев ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметін дамыту жөніндегі шаралардың маңыздылығын атап өтіп, университеттің фундаменталды, қолданбалы ғылыми-зерттеу бағыттарын жандандыру және оны қолданысқа енгізу, атап айтқанда, мүдделі ұйымдардың проекті қаржыландыруға және өндіріске енгізуге мүмкіндік беретін кезеңге шығару қажеттілігін баса айтты.

Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор С.В. Мырзақұлов университеттің жас ғалымдары мен профессорлық-оқытушылық құрамының ҒЗЖ саласындағы қызметінің бірқатар басым бағыттарын атап өтіп, ППУ ғылыми журналдары "Қазақстанның биологиялық ғылымдары" және "Қазақстанның Педагогикалық хабаршысының" сапасын арттыру алгоритмін ұсынды.

Осы мәселелер бойынша Ғылыми кеңес мүшелері: б.ғ.д. Жұмабекова Б.К., ф.ғ.д. Темірғазина З.К., п.ғ.к. Сырымбетова Л.С өз ұсыныстары мен пікірлерімен бөлісті.

Ғылыми кеңес отырысында оқу және оқу-әдістемелік құралдарының басылымға ұсыну, "Қазақстанның Педагогикалық хабаршысы" журналының редакциялық саясатын бекіту, ППУ оқытушысы Кабиева Салтанат Жұмабайқызына қауымдастырылған профессор ғылыми атағын беру туралы бірқатар қосымша мәселелер қаралды.

Отырыс соңында Басқарма төрағасы – ректор Жанбол Жилбаев университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының қызметі үшін алғыс білдіріп, әрі қарай да бірігіп жемісті еңбек етуге жұмылдырды.

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet2

Uchenui Sovet3

Uchenui Sovet4

Uchenui Sovet5

Uchenui Sovet6