КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ
11.09.2024
Марғұлан университеті Өнер және спорт жоғары мектебінің студенті Алтынай Нұрханова V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол дүниежүзінің назарын аударған дүбірлі дода барысында Өзбекстанның ұлттық спортының бір түрі - кураштан ел намысын қорғады. Жерлесіміз Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында 57 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, үздік үштіктің қатарына енді. Алтынайды атайлы жеңісімен құттықтаймыз!
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өзбек халқының ұлттық спорты кураштан қазақстандық 7 балуан медаль иегері атанды деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі. Атап айтқанда, қазақстандық балуандар 4 күміс, 3 қола жүлдені қоржынға салған.