Перейти к содержимому страницы.

АҚЫНДАРЫМЫЗ «КЕШКІ КІТАПХАНА» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУДА!

14.03.2022

Поэзия кешіне ППУдың жыр толғап жүрген жастары “Көркемсөз” үйірмесі мен “Құсқанат ғұмыр” ақындар ұйымының шәкірттері қатысып өлең оқыды.

Облыстық мәдениет басқармасының мұрындық болуымен Павлодар қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі "Кешкі кітапханада" жобасын бастады.

Жобаның мақсаты Ертіс-Баян өңіріміздің өлеңге қалам сермеп жүрген ақындарының басын біріктіру. Оларға "Сағым жылдар" әжелер ансамбліндегі ақжаулықты аналарымыз шашуын шашып батасын берсе, қыза келе қонаққа келген орта буын ақын-журналистер де өнерлерін ортаға салды.