КЕНЖЕКӨЛ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
17.01.2023
Кенжекөл мектебінің оқушыларымен кездесті
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті ұжымының оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысы жалғасады. Бүгін университет оқытушылары Г.Е .Асылбекова, Ж.Ж.Серғазина және кәсіптік білім беру бөлімінің бастығы Г.Қ. Мұсановалар Кенжекөл жалпы орта мектебіне барып, оқушылармен кездесті. Мақсаты – Марғұлан университетінің ғылыми жетістіктерімен таныстыру, педагогикалық мамандықтарды оқыту әлеуетін көрсету, студенттерге жасалған мүмкіндіктерді паш ету. Оқушылар да белсенділік танытып, осы университетке оқуға түсуге байланысты сұрақтарын қойды.
- Бір қуантарлығы бүгінде қай өңірге, қандай мектепке барсаңыз да болашағын ұстаздықпен байланыстырған, мұғалім болуды армандап жүрген жас жеткіншектер көп кездеседі. Кенжекөл мектебінде кездесуге қатысқан 30 оқушының 8-і педагогикалық мамандықтарға түсуге бағыт бұрған екен. Олардың ішінде ішінде «Алтын белгі» иегерлері де бар. Университет өкілдері балаларды Әлкей Марғұлан университетімен жақынырақ танысу мақсатында экскурсияға шақырды. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты мамандар осы ұсынысты бірауыздан қолдап, жақын арада университетке келетіндерін айтты, - дейді Гүлнәр Мұсанова.