Перейти к содержимому страницы.

«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ» САБАҚТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

03.11.2022

"Күміс университеті" жобасы күн сайын өзінің ауқымын кеңейтіп, егде жастағы азаматтардың қызығушылығын арттыруда. 2022 жылғы 2 қарашада Павлодар педагогикалық университетінің қосымша білім беру институтында "Күміс университетінің" кезекті сабақтары өтті.

Жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Б. Б. Ғабдулхаева "Сіздің денсаулығыңыз сіздің қолыңызда"тақырыбында дәріс оқыды. Ол жүрек-қан тамырлары және басқа аурулардың даму қаупін азайтуға көмектесетін салауатты өмір салтының негізгі ережелері туралы айтты.

Б. Ғабдулхаева атап өткендей, психологтар егде жастағы адамдар үшін сұранысқа ие болу өте маңызды екенін бұрыннан дәлелдеген, өйткені әлеуметтік инклюзия өмір сүру деңгейі мен сапасына тікелей байланысты.
Күміс университетінің тыңдаушылары институт өткізетін мәдени бағыттағы түрлі іс-шаралардың белсенді қатысушылары болып табылады. Бұл іс – шаралардың қатарына бейнелеу өнері, музыкалық демалыс, йога, емдік дене шынықтыру және т. б. жатады.

"Күміс университетінде" өткен сабақтар аға буын өкілдері әлеуметтік-мәдени бағыттағы әртүрлі тақырыптарға қызығушылығын көрсетіп, оқу кезеңінде апта сайын өткізілетін дәрістерден қалмайды. Семинарларға, практикалық сабақтар мен шеберлік сабақтарына да белсенді қатысуға деген ұмтылысын көрсетеді.