Перейти к содержимому страницы.

"КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ" ЖОБАСЫ ОҚУ ЖЫЛЫН АЯҚТАДЫ

17.05.2023

Бүгін 2022 жылы университеттің Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің 60 жылдығы қарсаңында ашылған "Күміс университет" жобасы аяқталды. Margulan University басшылығы оқуда алғырлық танытып, қоғамдық шараларға белсенді қатысқан сала ардагерлеріне алғыс білдіріп, құрмет грамоталар, сондай-ақ қосымша білім беру бағдарламаларын жетік меңгерген қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.

Жабылу салтанатына қатысқан ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Бауыржан Есенгелдин жиналғандарды шын жүректен құттықтап, сәттілік тіледі.

-Осы қарқынмен тоқтап қалмау керек. Осы бір жылдың ішінде көп дүниені қамтып, керекті ақпараттарды алдыңыздар. Жобаның келер жылғы кезеңіне қатысуға шақырамын,-деді Бауыржан Сатыбалдыұлы.
Айта кету керек, "Күміс университет" жобасына қатысушылар аулаларды көгалдандыру, қоғамдағы маңызды тақырыптарды талқылау сынды жұмыстарды жұмыла жасады. Сонымен қатар, заман сұранысына сай IT, ағылшын тілі, йога сынды салалар бойынша дәріс алды.

Алатмыш жоба Марғұлан университетінде алғаш рет қолға алынған болатын. Келер жылы жалғасын табады,-дейді ұйымдастырушылар. Шара соңы университетің белсенді студенттері ұйымдастырған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.