КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ
04.03.2021
"Парасат жолы" республикалық орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел ППУ-дың студенттерімен кездесті.
Жиын барысында жас өрендерге жемқорлықтың түбі жақсы болмайтынын, бастысы пейілдің адалдығы, жүректің тазалығы жайында сөз өрбітті.
- Жемқорлық - елді тонау, Отанды сату. Онымен күресу үшін жастардың рөлі зор. Әр жас жаман пиғылдан арылатын болса, болашағымыз баянды болмақ, - деді Сәдібек Түгел.
С.Түгел Павлодар облысына келген сапарында Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітті аралап, қалалық әкімдік жанындағы "Ашық әкімдік" жобасының тынысымен танысып, ондағы жаңашылдықтарды оң бағалады.