«ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
25.12.2020
2020 жылдың 25 желтоқсанында ҚР БҒМ вице-министрі Ш.Т.Каринованың төрағалығымен «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Мәжіліс барысында Павлодар педагогикалық университетінің Даму стратегиясы және университеттің 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспары бекітілді.
Директорлар кеңесінің мүшелері жоғарыда аталған құжат жобаларын талқылап, оны бірауыздан мақұлдады.
Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылы шілде айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, жоғары оқу орны «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ мәртебесін алған болатын.