Перейти к содержимому страницы.

KAZTEA – 2023 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

13.06.2023

Жақында Қазақстандағы барлық ағылшын тілі оқытушыларының қауымдастығы (Kaz TEA) XIX дәстүрлі халықаралық конференциясын ұйымдастырылды. Биылғы шара Семей қаласында Шәкәрім университетінде өтті. Тақырыбы - «Трансфункционалды мұғалімдер-ақылды оқушылар». XIX халықаралық конференцияға сына біздің елімізден ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы Fullbright ETA бағдарламасының еріктілері, ағылшын тілін оқыту саласындағы оқытушылар, зерттеушілер мен сарапшылар да (АҚШ) қатысты.

Осы тамаша іс-шараға бірқатар қазақстандық ағылшын тілі оқытушылары шақырылды. Солардың қатарында Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің оқытушы-зерттеушісі, PhD докторы Ахметова Айгүл Болатқызы және Америкадан «Fullbright ETA» бағдарламасы бойынша келген Эмили Рен де қатысып, баяндама жасады. Олар Lightening Talks- секциясында өз зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Бұл жастардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға, шет тілін жетік меңгеру ықпал ететін маңызды шара болып табылады.