КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ БОЙЫНША ОҚУ СЕМИНАРЫ
07.03.2023
Марғұлан университетінде кәсіптік бағдар беру және халықаралық ынтымақтастық тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның спикерлері Назарбаев Университетінің Қабылдау департаментінің өкілдері Диана Күнболатова мен Жанбота Мұсағалиева болды.
Семинарға Марғұлан университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко, декандар, оқу бағдарламаларының жетекшілері және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Кездесу барысында бакалавриат пен магистратураға оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасының өңірлерінен, жақын және алыс шетелдерден жоғары сапалы талапкерлер контингентін тарту мәселелері талқыланды.
Ольга Андрющенко студенттердің мықты контингенті, сондай-ақ университеттің беделі талантты және дарынды талапкерлерді тартуға, өту балын арттыруға, халықаралық байланыстарды дамытуға, шет тілін мүмкіндік беретін деңгейде сөйлейтін мықты профессорлық-оқытушылық құрамға тікелей байланысты екенін атап өтті.
«Осыған байланысты біздің спикерлеріміз көтерген мәселелер өте өзекті болып шықты. Диалог қызықты әрі нәтижелі болды. Біз 2023 жылға қабылдау тәртібін өзгерту үшін нақты қадамдарды әзірледік. Қазірдің өзінде мұғалім мамандығы бойынша өту баллының жоғарылауымен байланысты талапкерлерді дайындау сапасында оң өзгерістерді байқап отырмыз. Оларды оқытып, дамыту үшін жағдай жасау – біздің басты міндетіміз», – дейді Ольга Константиновна.
Назарбаев Университетінің мамандары әріптестерімен шетелдік талапкерлерді қабылдау тиімділігін арттыру, қабылдау процедурасы мен қабылдау емтихандарының формасын жетілдіру, жұмысқа қабылдаудың дұрыс стратегиясын құру және жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті.