Перейти к содержимому страницы.

КӘСІБИ ТАҢДАУ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

04.03.2026

Марғұлан университетінде Ашық есіктер күні мазмұнды әрі тағылымға толы форматта өтті. Аталған шараға Б.Ахметов атындағы жоғары колледж, Жоғары көпсалалы колледж, Гуманитарлық-педагогикалық колледж және М.Қанапьянов атындағы жоғары колледж студенттері қатысып, университеттің білім беру мүмкіндіктерімен жақынырақ танысты.

Кездесу барысында қатысушыларға оқу үдерісі, білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық, ғылыми жобалар мен студенттік өмірдің ерекшеліктері жан-жақты таныстырылды. Университет ұжымы талапкерлерге жоғары білім алудың маңызын түсіндіріп, кәсіби тұрғыда дамудың нақты жолдарын көрсетті.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Гүлнар Мусанова университетке оқуға түсудің артықшылықтарына кеңінен тоқталып, талапкерлерді педагогикалық бағытта терең білім алып, білікті де бәсекеге қабілетті маман болуға шақырды. Ол өз сөзінде сапалы білім – табысты болашақтың берік іргетасы екенін ерекше атап өтті.

Шара барысында колледж студенттері өз ой-пікірлері мен алдағы жоспарларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Ашық әрі еркін форматта өткен кездесу жастардың кәсіби бағдарын айқындап, болашаққа деген сенімін нығайта түсті.