КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
07.02.2024
Марғұлан университетінің оқытушылары үлкен сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын тұрақты жүргізіп, оларға университет жайлы пайдалы ақпараттар ұсынуда.
Бүгін Марғұлан университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессорлары, т.ғ.к. З.Ә.Сабданбекова және Қ.С.Ерғалиев Павлодар қаласының №2 жалпы білім беру мектебіне арнайы барды. Онда 11-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысына қатысып, университет және білім беру бағдарламалары туралы қажетті ақпаратпен бөлісті.