КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
08.06.2022
Павлодар педагогикалық университетінде білім саласы мамандарына, соның ішінде әдіскерлерге, үйлестірушілерге және психолгтарға арналған дөңгелек үстел өтті. Тақырыбы: «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алудың мәселелері мен шешу жолдары». Дөңгелек үстел ҚР Білім және ғылым Министірлігінің тапсырмасы бойынша «Педагогика және психология» және «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы шеңберінде жоспарлаған аймақтық іс-шаралар циклі аясында өтті. Шара Павлодар облысының білім беру басқармасы мен «JANYM» қоғамдық бірлестігінің және ППУ Педагогика жоғары мектебінің бірлесуімен ұйымдастырылды. Кездесуге ППУ профессорлық-оқытушылық құрамы, облыстық білім беру басқармасы мен білім беру бөлімдерінің мамандары, қала және аудан мектептерінің педагог-психологтары, әдіскерлер, үйлестірушілер және ювеналды полиция басқармасының инспекторлары қатысты.
Іс-шара аралас форматта өткізілді. Яғни, аудан орталықтарының білім беру жүйесінің 98 педагог-психолог мамандары онлайн форматта қосылды. Дөңгелек үстелдің модераторлары: педагогикалық жоғары мектебінің вице-деканы А. К. Мурзатаева және психология мамандығының PhD докторы, ПЖМ доценті Э. Ю. Сарсембаева.
Дөңгелек үстел барысында кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алудың ең өзекті мәселелері талқыланды. Баяндамашылар аутодеструктивті мінез-құлықты диагностикалау және психокоррекциялау мәселелерін қозғады.
Атап айтқанда қиын жағдайға түскен оқушыларды сүйемелдеу бойынша педагог-психологтардың жұмыс тәжірибесі көрсетілді. Сондай-ақ, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен психопрофилактикалық жұмыстың бағыттары белгіленді.