«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2020»
05.01.2021
«Bilim-òrkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен республика көлемінде үздік студенттер байқауы болып өтті. Байқаудың басты мақсаты – студенттердің инновациялық әлеуетін арттыру, жас ғалымдардың зерттеушілік қабілетін дамыта отырып, тәжірибе алмасу болатын. Байқауға республикадан 400 студент өз құжаттарын жолдап, ең үздік студенттер іріктеліп, марапатқа ұсынылды. Соның ішінде Павлодар педагогикалық университетінен гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих-дінтану» мамандығының студенті Әлиақбар Айнұр «Жылдың үздік студенті – 2020» атағына ие болды.