Перейти к содержимому страницы.

ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ – ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ ҚАЙТАЛАНБАС ТҰЛҒАСЫ

18.04.2025

Қазақ халқының қайсар ұлы Жұмабек Тәшеневтің азаматтық ұстанымын халықаралық деңгейде дәріптеу, педагогтерді өз халқының тарихымен және рухани мұрасымен таныстыру мақсатында “Павлодар қаласының Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы білім беру мектебі” қабырғасында Жұмабек Тәшеневтің 110 жылдығына арналған «Жұмабек Тәшенев – өз заманының қайталанбас тұлғасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Оған Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Зият Шайманович Айткенов қатысып, пленарлық мәжілісте “Ел тарихындағы елеулі есім: Тәшенев тағылымы» тақырыбында баяндама жасады. Конференция республиканың әр өңірінен (Семей, Қарағанды, Астана, Петропавл, Шымкент, Түркістан қалалары) келген қатысушыларды үлкен пікір алмасу алаңына жинады.