ЖОШЫ ҰЛЫСЫ ТУРАЛЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
23.10.2024
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде Республика күнін орай «Жошы хан ұлысы Қазақ мемлекеттілігінің негізі ретінде» тақырыбында халықаралық ғылыми-зерттеу дөңгелек үстелі өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Әлкей Марғұлан атындағы ППУ тарихшы ғалымдары "Умай" зертханасының меңгерушісі Татьяна Крупа, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нұркен Күзембаев, Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Аслан Азербаев және Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университеті тарих пәнінің оқытушысы Сергей Пилипенко қатысты.
Сарапшылар Еуразияшылдықтың тарихы, идеялары мен мұрагерлері, Алтын Ордадағы қыпшақ факторы туралы баяндамаларды оқып, Еуропалық саяхатшы Гильом де Рубрук еңбегіннің аудармасы және материалдық мәдениет экспонаттарын, атап айтқанда "бокка" дәстүрлі әйелдер бас киімінің атрибуциясы мәселелерін қозғады.
Кездесу қорытындысы бойынша "Тарих" ББ жетекшісі Бауыржан Абдрахманов мемлекеттілігіміздің терең тамырларын атап өтіп, Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы күрделі өңіраралық тоғысуларды сипаттады. Кездесуге "Тарих" ББ студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.