«JOO HIGH SCHOOL AKTAU»
14.05.2025
Бүгін «JOO high school Aktau» ресми өкілдері Сабыр Нұрсұлтан және Пазыл Жарқынбек университетіміздің ректоры Ержан Әмірбекұлының жеке қабылдауында болды. Қабылдау барысында қос тарап серіктестік жайлы меморандумға қол қойып, алдағы атқарылатын жұмыстарды мақұлдасты. Айта кетерлік жайт, аталмыш жаңашыл форматтағы мектепте біздің университетіміздің 3 түлегі табысты еңбек етуде. Ертеңгі болатын бос орындар жәрмеңкесіне де құрметті қонақтарымыз қатысатын болады.