ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДІҢ БЕС СТУДЕНТІ «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰЛАНЫ» СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ
24.10.2023
Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті Мұсахан Қанапиянов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің бес студенті спорттағы жетістіктері үшін «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығымен марапатталды.
Байқау жеңімпаздарын облыс әкімі Асайн Байханов пен Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева марапаттап, арнайы төсбелгілер мен ақшалай сертификаттарды табыс етті.
«Спорттық шеберлік» номинациясы бойынша «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгілері Мағзұм Имран, Руслан Измайлов, Мария Дорожкина, Валерия Василенко және Арина Олифировичке берілді. Сондай-ақ, 172 500 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық ұсынылды.
Екінші курс студенті Имран Мағзұм грэпплингтен спорт шеберлігіне үміткер, екі дүркін әлем чемпионы.
Руслан Измайлов – батут гимнастикасынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Олифирович Арина – жүзуден спорт шеберіне кандидат, Қазақстан Республикасы жастар құрамасының мүшесі, қала мен облыстың абсолютті чемпионы, жүзуден Қазақстан Республикасы чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері.
Мария Дорожкина – спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қаланың және Павлодар облысының бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы.
Валерия Василенко – спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Павлодар облысының бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Азия чемпионы.
Айта кету керек, дарынды балаларды қолдауға арналған «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығы әр салада үздік жастарды қолдау мақсатында тағайындалған.