«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
28.11.2022
Астана қаласында “Жаңа Қазақстанның дарынды жастары” атты республикалық форуым өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына арналған жолдауын насихаттауға бағытталған форум барысында «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары да анықталды. Онда Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті өнер және спорт жоғары мектебінің «Музыкалық білім беру» бағдарламасының 3-курс студенті Гүлназ Кендебай 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттің жетекшісі – «Музыкалық білім беру» бағдарламасының оқытушысы, әнші Салтанат Қисатова.
- Бұл байқау «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен өтті. Мақсаты - «ҚР ҮЗДІК СТУДЕНТІ - 2022» анықтау. Байқау 4 сала бойынша өткізілді, соның ішінде Гүлназ Кендебай өнер саласында студенттік кездегі жеткен жетістіктерін және университет қабырғасындағы фотосуреттерін ұсынды, - дейді жетекшісі Салтанат Тасболатқызы.
Студентке өнер жолында зор жетістіктер тілейміз!