ӘЙГІЛІ "ТАНОС ҚОЛЫ" ТАБЫЛДЫ
08.09.2020
География және химия кафедрасының аға оқытушысы Мұрабек Омаров Баянауыл маңынан алып қол келбетіндегі ерекше жартастың фотосуретін түсірді. Алып жартас әдетте туристер демалуға баратын орындардан алыс аймақта орналасқандықтан, адамдардың назарына ілікпеген. Бір қызығы - жартасқа басқа қырынан қараған кезде түйе бейнесі көрінеді екен. "Әулиетас" аталатын қия орнында бұрында қайнар көзі болған деседі. Мұрабек Омаров түсірген бұл фотосурет Qazaq Geography фотобайқауына қатысады.