Перейти к содержимому страницы.

ЖЕҢІС ЖҰЛДЫЗДАРЫ

15.05.2025

Ұлы жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай Марғұлан университетінің Жастар саясаты департаменті мен “MUza” таланттар академиясының ұйымдастыруымен Павлодар қаласының ЖОО-ы және колледж студенттері арасында “Жеңіс жұлдыздары” атты патриоттық әндер байқауы өтті.

Ән байқауына қаламыздың Торайғыров университеті, Музыкалық колледж, М. Қанапиянов атындағы жоғары колледжі, Марғұлан университетінен үздік әншілер бақ сынады.

Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - Октаубаева Райхан Музыкалық колледж -дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты,
1 орын Марғұлан университетінің студенті Өнербек Нартай,
2 орын “Deliz” дуэті Музыкалық колледж -дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты,
3 орын Бейбіт Аманбол Торайғыров университеті, студенті, “Көрермен көзайымы” номинациясымен Торайғыров университеті студенттері Әмірхан Нұрлы, Хайрулла Әділхан иеленді.

Қазылар алқасында: Мадияр Бахтияров Жасқанат байқауының жеңімпазы,
Ысқақ Мағжан, дәстүрді әнші, И. Байзаков атындағы облыстық филармония әншісі,
Кисатова Салтанат Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші.

Жүлдегер атанған студенттер ақшалай сыйлықпен және дипломдармен марапатталды.
Салтанат Тасболатқызының арнайы жүлдесімен:
Марғұлан университетінің студенттері жүлделі 2 орын Нургалиева Шолпан, және жүлделі 3 орын Зейнелхан Нұрбақыт марапатталды.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!