Перейти к содержимому страницы.

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘСЕЛЕЛЕЛІ ТУРАЛЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

09.12.2022

Әлкей Марұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында «Әділ Қазақстанға жол» жастар жобасының қорытындысы шығарылып, дөңгелек үстел өтті.

Жобада Павлодар қаласының ЖОО студенттері қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбында сауалнама өткізген болатын. Университетіміздің «SANALY URPAQ» ұйымының белсенділері жобаға белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдері және ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, университет қызметкерлері мен студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, жалпы білім беру ұйымдарының ашықтығын арттыру мақсатында өткізілді.