Перейти к содержимому страницы.

«ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІККЕ БАСТАР ЖОЛ» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

11.12.2025

2025 жылғы 11 желтоқсанда Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан – Тәуелсіздікке бастар жол» атты тағылымды кездесу өтті. Шара сағат 15:00-де басталды.

Кездесу тірек мектептермен ынтымақтастық аясында Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетімен жасалған келісімшарт негізінде ұйымдастырылды. Шараны гимназия мұғалімдері мен «Тарих» білім беру бағдарламасының магистранттары Сураганова А., Бажикова Б., Қанатбек А., Самет Е. және Болатов Р. өткізді.

Кездесу барысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына ерекше назар аударылды. Шараның құрметті қонақтары Желтоқсан оқиғасының қатысушылары Каратай Аманжолович Садвакасов пен Кенжебай Сейсембайұлы Садыгулов оқушылармен еркін форматта пікір алмасып, тарихи кезеңнің маңызы мен Тәуелсіздік жолындағы күрес туралы естеліктерімен бөлісті.

Шараға 5–9 сыныптардан 30 оқушы қатысты.